Жаңалық

«Жомарт жүрек» байқауының қорытындысы жарияланды

Алматы қаласында өткен дәстүрлі «Жомарт жүрек» байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқаудың басты мақсаты – қайырымдылықты дамытуға, ел азаматтарының патриоттық сезімін оятуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды көтермелеу, неғұрлым жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың табысты тәжірибесін танымал ету.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров байқау лауреаттарын марапаттап, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және қаланың гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Ағымдағы жылы Алматыда қаланы абаттандыру және инфрақұрылымын жақсарту, білім беру, спорт, мәдениет салаларын қолдау және т.б. бойынша әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Байқау қорытындысына сай:

Белсенді филантропиялық қызметі үшін «Жыл тұлғасы» аталымы бойынша «Daco Motors KZ» ЖШС бас директоры Сырымбек Тау;

Белсенді меценаттық қызметі үшін «Жыл меценаты» аталымы бойынша «METALL PROM GROUP» ЖШС директоры Долкунтай Абдулхалил;

Кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» аталымы бойынша Мұхаметхан Сабыржан;

Қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» аталымы бойынша «BAZIS-A Corp» ЖШС-і;

Елеулі әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкелген қайырымдылық көмегі үшін «Жылдың үздік қамқоршысы» аталымы бойынша «Комета» ЖШС-і марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button