Жаңалық

Зұлмат әкелген жаңалықтар

ХХІ ғасыр – технологиялар мен жаңа тенденциялардың дамыған заманы. Ғылым алға өрлеп, әлемге өзгеріс әкеле отырып, адамзатты таңқалдыруда. Оның кейбірі ғылымның таптырмас өнертабысы боп саналғанымен, қоғамға қауіп төндіріп отыр. Кей ғылыми жаңалықтар арам пиғылмен жасалса, бірі еңбегінің қоршаған ортаға да, адамдарға да қауіпті екенін түсінбеген. Осындай қауіпті жаңалықтар тізімін қарастырайық.

Ядролық және атомдық қару

Тек атом қаруы ғана емес, барлық қару түрлері адам үшін қауіпті. Ол тек қорғаныс құралы емес, бір-бірін үркіту мақсатында қолданылатыны белгілі. Десе де ядролық және атомдық құралдардың зардаптарын айтып өтпеске болмас. Оның мысалы ретінде Семей полигонын, Хиросима-Нагасакиді көрсетуге болады.

Бұл қарулардың пайда болуы 1896 жылы уран радиакциясын анықтаумен байланысты. Кейін 1938 жылы ядролық химияның атасы атанған Отто Ган бірнеше ғалымдармен бірігіп, уран бөлінісін анықтайды. Осыдан бастап ядролық қаруды дамыту идеясы пайда болған.

Ядролық қарулар бүгінде саясатқа әсер етіп, әлем елдері оны бір-бірін қорқыту үшін қолдануда. Алайда оның салдары климаттық апат, озон қабатының бұзылуы және барлық тірі ағзалардың өліміне әкеледі. Бірнеше ел оны бір мезгілде қолданса, Жер толықтай жойылуы мүмкін.

Химиялық қару

Химиялық қаруды неміс химигі Фриц Габер ойлап тапты. Химиялық қару алғаш Бірінші Дүниежүзілік соғыста қолданылған. Ол аммиак сынды зиянды элементтердің уытты қасиеттері арқылы әсер етеді. Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша 6 түрге бөлінеді:

  • Жүйке-паралитикалық әрекеті. Бұл кезде адамның жүйке жүйесі зақымдалады да, ол еңбекке жарамсыз, мүгедекке айналады;
  • Теріге әсері. Иприт, люизит газы арқылы теріні зақымдайды;
  • Улау әрекеті. Оттегінің қаннан ұлпаларға өтуін бұзады. Оларға гидроциан қышқылы мен цианоген хлориді жатады;
  • Тұншықтыру әрекеті. Фосген мен дифосген арқылы өкпені зақымдайды;
  • Психохимиялық әрекеті. Бұл кезде адам есін жоғалтып, өз әрекетіне жауап бере алмай қалады;
  • Тітіркендіргіш әрекет. Адам түшкіріп, көзінен жас шығып, жөтеле бастайды.

Пестицид

Пестицид алғашында жақсы ниетпен, яғни бау-бақшаны зиянкестер мен түрлі аурулардан сақтау үшін ойлап табылды. Алайда оның зардаптарын ескермеген. Пестицидтер топырақ пен су көздерін ластап, микробиологиялық белсенділігін төмендетеді. Нәтижесінде биоалуантүрліліктің жоғалуына және тағам құндылығының төмендеуіне әкеледі.

Пестицидтер Паркинсон ауруын қоздыратыны анықталған. Бұл – жүйке жүйесінің созылмалы ауруы, ми нейрондары өле бастайды.

Гендік модификаци

Гендік модификация дегеніміз – өзге ағза геніне басқа ағзанын генін қосу, өзгерту. Ол өнімнің тез шіріп, үсіп кетуінен сақтап, жәндік жемейтін етеді. Мұны алғаш Фредерик Гриффит ойлап тапты. ГМО өнімдері әлемдік аштықтан қорғайды деп ауыз толтырып айтқанмен, оның залалы өте көп:

  • Иммунитет төмендейді;
  • Ағзаның маңызды элементтерді қабылдау дәрежесі бәсеңдейді;
  • Ұзақ мерзімді канцерогенді және мутагендік әсерлер пайда болады. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бастайды.

Полиэтиле

Полиэтиленді неміс инженері Ханс фон Пехман ойлап тапқан. Ол бұл өнімді 1899 жылы кездейсоқ жасап шығарады. Бірақ бұл жаңалық ретінде таралмады. 1933 жылы Эрик Фосет пен Реджинальд Гибсонның арқасында полиэтилен аса қарқынмен танымал бола бастады. Алғашында полиэтилен телефондық кабель өндірісінде қолданылды, 50-жылдардан бастап тамақ өнеркәсібінде қаптама ретінде қолданыла бастаса, қазір өнеркәсіптің барлық саласында қолданылады.

Полиэтилен қалдықтары өртелген кезде улы зат шығарады, топырақта ыдырамайды, осылайша зиянды организмдердің көбеюіне ықпал етеді. Су түбіндегі тіршілік иелерінің өліміне көп жағдайда осы полиэтилендер себепші болып отыр. Қанша жерден үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенмен, полиэтилен өндірісі тоқтамай тұр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button