Жаңалық

«Рухани Жаңғыру» кабинетіне есімі берілді

Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылы мектебіндегі «Рухани жаңғыру» кабинетіне Жиенхан Қаманайдың есімі берілді. Рухани дүниемізді жаңғырту жолында ерен еңбек еткен азаматқа жасалған бұл үлкен құрмет. Оның асық пен қамшы өру өнеріне қосқан үлесін бірі білсе, бірі білмейді.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, 3 мыңнан астам асық жинап, қамшының 20-дан астам түрін жасаған шебер жайлы біз бірнеше рет материал жасаған едік. Қолөнер шебері Жиенхан Қаманай қазақтың ұмытылған дүниелерін қайта жинап, жастарға үйретіп, мұра қалдырған бірде бір азамат еді. Тәуелсіздікті енді алған елдің ұлттығын оятқан осы кісі десек қателеспейміз.

Светлана Қондыкерова, «Ақсақалдар тағылымы»  ҚБ мүшесі, Ақсу қаласының құрметті азаматы:

Жиенхан туралы көп нәрсе айтуға юоладыү Ол хәкім Абай айтқандай, көркем мінезді адам еді. Шебер әдіскер еді, қоғам қайраткері не дейін көтерілген ұстаздардың бірі деп есептеймін. Нені істесе де аөырын ғана айқайлама, ақөырын жүріп анық басатын. Көп істер тындырушы еді. Ақсудың атын бөкіл елге танытты.

Мәмәйіт Омаров ауылындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті  Ақсуда алғашқы болып ашылған еді. Жиенхан Қаманай ағамыз оның басы қасында болып, осы кабинетті үздіктер қатарынан ету мақсатында барын салды. Мында қойылған әр дүниеге өз баласындай қарады. Бүгін міне аталмыш кабинетке оның есімі берілді.

Қайрат Смағұлов, Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

Ол кісінің рухани жаңғыру аясында істеген жұмысы өте терең. Балалрды ұлттыұ тәрбие ету үшін көп жыл еңбек етті. Ақсуда бірінші рет ашылды. Балалармен қатар істеді.  Ақсу аймиағында, облыс бойынша республикада танымал болды.

Жиенхан Қаманай елге сонау тәуелсіздік алған жылдары Баян өлгейден көшіп келген. Қазақтың қиын қыстау жылда ұмытылған дәстүрін, өнерін тереңнен суырып ап қайта жаңғыртты. Тәрбиені тал бесіктен деп, қанымызға ана сүтімен тараған қасиеттілігімізді қайта еске салды.

Алтайхан Жиенханұлы, Жиенхан Қаманайдың ұлы:

Біз ата бабамыз осымен өмір сүрді. Болашаққа аманат. Сондай ақыл айтатын. Енді осы рухани жаңғыру кабинетіне есімі беріліп жатыр екен. бір жағынан қуаныштымын. Есімін беріп жатқанына көптен көп рахмет.

Халқымызда «Жақсының аты өлмейді» дейді.  Қазақтың қазақтығын сақтап қалу жолында аянбай тер төгіп, ұлттық кодымыз бен қасиеттілігімізді ұмытпасын деп барын салды. Жиенхан Қаманай биыл  мамыр айында өмірден өтті. Бірақ артынан сіз бен біздің ұрпақ  үшін мол мұра қалдырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button