Жаңалық

30 жылдыққа 30 сұрақ

Биыл Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміз түрлі кезеңдердің куәсі болды.

Нық қадамдар елеулі жетістіктерге ықпал етіп, әділ шешімдер қабылданды. Осының арқасында Қазақстан әлемге танымал ел болды. Егемендік алып, еңсесін тіктеген мемлекетіміздің тарихын білу – әр қазақстандықтың парызы.

Осы орайда Ruh.kz порталының бас бетінде орналасқан Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» онлайн тестіне жауап беріп, тарихи фактілер мен деректер туралы біліміңізді бір пысықтап алуға кеңес береміз.

Ел тарихындағы елеулі оқиғаларға байланысты құрастырылған сұрақтарға кез келген оқырман жауап бере алады.

Онлайн жобаны «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесі бірлесіп жасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button