Жаңалық

Турист күнделігі. Павлодар

Павлодар – Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің жанында орналасқан қала.

Павлодар қоңыржай және күрт континенталды климаты бар аймақта, Батыс Сібір жазығында орналасқан. Мұнда мұнай, алюминий өңдейтін зауыттар, химия зауыты, металлургия, машина жасау және басқа да көптеген кәсіпорындар бар.

Бұл жердің қысы қатты, ұзақ және қарлы, ал жазы ыстық әрі құрғақ болып келеді. Қаңтардағы орташа ауа температура -16 градусқа, ал шілдедегі ауа температурасы +22 градусқа дейін жетеді.

Қала тарихы:

Павлодардың тарихы 1720 жылы басталады. Коряковский көлінде өндірілген тұз қоймаларының жанында орналасқандықтан, Коряков бекінісі аталды.

Қалада трамвайлар 1965 жылдың күзінде пайда болды. Бүгінде қала елдегі ең үлкен трамвай жүйесімен мақтана алады, оның үстіңгі катеті 89 километрден асады.

Қалаға қалай жетеміз?

Ұшақпен:

Павлодар-Алматы – 25 000 теңге;

Павлодар-Нұр-Сұлтан – 35 000 теңге;

Павлодар-Шымкент – 23 000 теңге.

Пойызбен:

Павлодар-Алматы – 16 000 теңге (тальго);

Павлодар-Нұр-Сұлтан – 6500 теңге (купе).

Көрікті жерлері:

Ертіс жағалауы. Жазда қала тұрғындары осы жерде серуендейді. Барлық мерекелік кештер мен іс-шараларды осында өткізуге тырысады. Орындықтар мен субұрқақтар жағымды атмосфера сыйлайды.

«Қаз ұшуы» табиғи ескерткіші Ертістің оң жағалауында орналасқан. Онда неоген дәуірінің алуан түрлі фаунасы бар. Бүгінгі күні ашық аспан астындағы саябақ-мұражай құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар мүсін галереясы құрылады.

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт. Аспан түстес күмбез бен керемет баспалдақ ғимараттың ерекшелігі болып табылады. Негізгі көрінісі – «Зумрад». Бұл – таза кристалды жарық шам. Оның құрамында 434 шам бар.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткішті мүсінші Мұрат Мансұров жасаған. Ескерткіштің өзі қоладан, ал тұғыры граниттен соғылған.

Благовещенск кафедралы соборы – Павлодардың мақтан тұтатын құрылыстарының бірі. Ғибадатхана 1999 жылы салынған. Тоғыз қоңыраудан тұрады. Ең үлкенінің салмағы 1 тоннадан асады.

Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы 12 бөлме мен 70 мыңнан астам экспонаттан тұрады. Мұражай көрмесінде жойылып кеткен жануарлардың қаңқалары, қазбалар мен қару бөлшектері бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button