Жаңалық

Жиенқұйрық және жиенқұрық салты

Жиенқұйрық – нағашы мен жиен арасындағы жоралғы.

Қазақ қашанда қыз баланы құрметтеп, қыздарынан туған баланы да ерекше еркелеткен. Жиенқұйрық салты бойынша, нағашылары жиендерінің бетін қайтармай, үш қалаған нәрсесін сыйлауы тиіс. Қалағанын бере алмаса, жиендік жасап, қырық серкеш немесе қырық шұбар тай атайды.

Жиенқұйрық этимологиясы:

Жиенге сыйлық беру, мал атау бұрыннан бар. Десе де оның «жиенқұйрық», «жиенқұрық» аталу себебі бар. Нағашысы ауылға келген жиеніне қолына құрық беріп: «Өзіңе ұнаған малға құрық сал», – дейді екен. Құрық тиген мал жиеннің еншісі боп саналады. Нағашы ата «жиенқұрық» деп, үйіне алғаш келген жиенге қозы, лақ немесе кез келген мал атайды.

«Жігіттің жақсысы – нағашыдан»

Бала тәрбиесіне нағашы жұрт көп атсалысады. Баланы қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндеттойларында да нағашының рөлі басым. Осы арқылы нағашы баланың келешекте кәсіпқой, еңбекқор және несібелі болуына аса қатты әсер етеді. Соны жастайынан көрген бала нағашы жұртына деген құрметі артып, бауырмал болады. Бұл салт туыстық қарым-қатынасты нығайтып, сүйіспеншілік пен сыйластықты арттырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button