Жаңалық

«Бес қару» этнофестивалі өтті

Үшінші мегаполисте «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» халықаралық кездесуі өтті.

Конференцияға Орталық Азия елдерінің белгілі тарихшылары мен археологтары, Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшылары, Auezov University ғалымдары қатысып, қаланың Ұлы Жібек жолы тарихындағы рөлін, оның Орталық Азия картасындағы бірегейлігін және Шымкенттің тарихи нысандарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мүмкіндігін талқылады.

Шара аясында «Shymqala» этноауылында «Бес қару» фестивалі ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар тарихи-мәдени кешенде музейлендіру, консервациялау және реновациялау жұмыстарымен, ескі қаланы дамыту жобасымен танысты. Сонымен қатар, қонақтар «Бес қару» этнофестивалінің ашылуына қатысып, суретші Саид Атабековтың қару-жарақ көрмесі мен фотоэкспозициясын тамашалап,  қолөнер шебері, темірші Махмұд Құлмантегінің қойылған экспозицясымен танысуға мүмкіндік алды.

Этноауылда «Тұран» этно-фальклорлық ансамблі және «Nomad Stuns» каскадерлар тобы түрлі жауынгерлік қимылдардан шеберлік сағатын өткізді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button