Жаңалық

Ұлттық жоба Түркістан облысының зиялы қауымына таныстырылды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.Тлепов Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының міндеттері мен жүзеге асу тетіктерімен таныстырды.

Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Жоба 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 ауқымды іс-шараны қамтыған негізгі үш бағыттан тұрады. Бірінші – «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Бұл бағыт бойынша 38 іс-шара, 8 көрсеткіш көзделген. Екінші «Ел Рухы» бағытымәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру,  13 іс-шара мен  5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші  – «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұл жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.  Осы бағыт бойынша 15 жалпыұлттық ауқымды іс-шара мен 8 нақты көрсеткішке жету жоспарланған.

Кездесу соңында Б.Тлепов Ұлттық жобаның маңыздылығын ескеріп ақпараттық-түсіндіру жұмысты жандандыруды тапсырды.

Басқа материалдар

Back to top button