Жаңалық

«Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

«Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жас сарапшылармен кездесу өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров кездесуге қатысушыларды «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасының негізгі бағыттары, міндеттері мен іс-шаралары туралы хабардар етіп, қойылған міндеттерді іске асыруға жас мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау барысында қатысушылар «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағытында қарастырылған жастарға арналған мүмкіндіктерге және үш міндетті шешуге ықпал ететін шаралар кешеніне назар аударды:

Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту;

NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру;

Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және республикалық жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Талқылауға қатысушылар жастарды «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасын ілгерілетуге және іске асыруға тарту қажеттілігі туралы ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, жас сарапшылар «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағытын атап өтіп, ауыл жастары арасында түсіндіру жұмыстарына, соның ішінде танымал әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жұмыстануға ерекше назар аударуды ұсынды.

Қатысушылар қазақстандық өнімді мемлекеттік тілде жасауға және экспорттауға қабілетті түрлі бағыттағы креативті мамандарды тарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ТВ-дағы ғана емес Youtube-кеңістігіндегі де танымал анимациялық мультфильмдерді аударып, дубляж жасауға назар аудару қажеттілігі атап өтілді.

Ұлттық жобаның міндеттері көрнекі нәтижелерге қол жеткізуге және жобалық басқару ережелерін енгізуге бағытталған.

Іс-шара соңында вице-министр Асқар Умаров айтылған барлық ұсыныстар «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасын іске асыруда ескерілетінін атап өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button