Жаңалық

Ербол Іргебай атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында Ербол Іргебай атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды.

Ұстаз, ағартушы, әдебиеттанушы, абайтану, қайымтану ғылымдарының көрнекті өкілі Ербол Іргебайды еске алуға арналған кеште оның тұлғалық болмысы, дара қолтаңбасы туралы әзірленген фильм көрсетілді.

Бұған дейін аталған оқу ордасында тұлға атымен аталған Абай кітапханасы, Алаш тарих кабинеті, Мұхтар мәжіліс залы, Мағжан дәрісханасы, Шоқыр спорт залы, Қайым мұражайы бар еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ербол қазақ тілі» кабинеті  де осы «Ұрпақтар сабақтастығы» деп аталатын үлкен жобаның құрамдас бөлігі іспетті.

Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасының басшылары, мектеп директорлары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, осы оқу жылында аталған мектепке абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді. Бұл да №90 гимназияны алғаш басқарған Ербол Іргебайдың арманы болған екен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button