Жаңалық

Халықаралық «Анкара» театр фестивалі аяқталды

Оңтүстік астананың мәдени деңгейін арттыру және қуыршақ театры өнерінің әлем кеңістігінде танылуына ықпал ету мақсатында театр ұжымы 2021 жылдың 20-26 қазан аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласында өткізілетін VII Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысты.

Өнер додасында театр ұжымы ересектерге арналған «Макбет.Иллюзия» (реж.: Д.Жұмабаева) және балаларға арналған «Үйшік» (реж.:А.Зайцев) қойылымдарын сарапшылар мен көрермендер назарына ұсынды.

Адамның  ішкі арпалыс сезімдерін, нәзік те тылсым психологиялық күштерді, философиялық ойлар мен бүгінгі күнде де маңызын жоғалтпаған мәселелерді шебер бейнелеген У.Шекспир шығармашылығынан таңдалған «Макбет» трагедиясы астарлы да шынайы образдарымен, күрделі де көркем шешімдерімен фестиваль қатысушылары мен театр сыншыларының оң бағасын алды.

Биылғы фестивальде Түркия, Бельгия, Молдава, Грузия, Нидерланды театрларымен бірге еліміздің қуыршақ өнерін халықаралық деңгейде ұсынған театр ұжымы арнайы диплом мен алғыс хаттарға ие болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button