Жаңалық

«Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы» кітабының тұсаукесері өтті

Алматыда «Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы» («Алихан Букейханов. Человек-эпоха») кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап авторы – ресейлік азамат, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сібір басқару және бұқаралық коммуникациялар академиясының тең құрылтайшысы және ректоры Виктор Иванович Козодой. Ғалымның айтуынша, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов жайлы еңбегін мұрағаттан алынған ақпараттарға сүйене отырып жазған.

Бір мың дана болып шығарылатын туындыны ресейлік тарихшы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған.

Сондай-ақ, кітап авторы Алашорда үкіметінің жетекшісі туралы бірі білсе, бірі біле бермейтін деректер қосқанын айтты. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен салтанатты шараға ғалымдар, саясаттанушылар, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында ҚР Ұлттық ғылым Академиясының Вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мақсат Қалимолдаев кітап авторына Құрмет грамотасын табыстап, үстіне шапан жапты.

«Бұл қолжетімді жанр, өмірбаян болғанымен ғылыми зерттеулерге негізделген. Мен Ресей оқырмандарын және ғылыми қоғамды осындай тұлғамен таныстыруды мақсат еттім. Ол Қазақстан үшін де, Ресей үшін де өте маңызды рөл атқарды. Өз еңбегімде оның бір елдің ғана емес, сол дәуірдегі тұтас империялық, жалпыұлттық деңгейдегі саясаткер екенін көрсетемін», – дейді ресейлік тарихшы Виктор Козодой.

Басқа материалдар

Back to top button