Жаңалық

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсаттары мен міндеттері өнер саласында талқыланды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Ұлықбек Тналиев және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы А.Абдуалиев «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын насихаттау мақсатында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Кездесу барысында, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Ұлықбек Тналиев жобаның бағыты, мақсаты,  міндеттері және іске асыру тетіктерімен таныстырды.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Бұл бағыт бойынша 38 іс-шара, 8 көрсеткіш көзделген. Екінші «Ел Рухы» бағытымәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру,  13 іс-шара мен  5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұлжастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.

«2025 жылға дейін жастардың базалық сұраныстарын шешу керек. Яғни, сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуына құқықтық жағдайлар жасап, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарға баулу өте маңызды. Жастарды қоғамдық пайдалы істерге тартып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиесіне жаңа мүмкіндіктер ашу жоспарланған. Бұл мәселелерді шешу үшін 15 үлкен жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 нақты көрсеткішке жететін болады» – деді Ұлықбек Тналиев. 

Кездесу барысында Мәдениет комитетінің төрағасы А.Абдуалиев,  «Ел Рухы»  бағыты бойынша негізгі 13 іс-шара көзделгендігін айтып, 2025 жылға дейін, 250-ден астам мәдениет объектісін салу, 1200-ден астам мәдениет объектісін жөндеу, шамамен 8-визит орталықтарын салу, көзі көрмейтін мен нашар көретіндер үшін, оның ішінде мемле кеттік тілде кітапханалар қорын ұлғайту, ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, өткізілетін барлық мәдени іс-шаралар, театр маусымы, кітапхана, музей және көрме қорлары туралы ақпаратқа қолжетілімдікті қамтамасыз ете отырып, «e-culture.kz» біріңғай электрондық платформасын құру жұмыстары жайлы сөз қозғады.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button