Жаңалық

«Күйлер сөйлейді» күйшілер кеші өтті

Успен ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Успен аудандық әкімдігі мен «JEBE» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Күйлер сөйлейді» күйшілер кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты – «күй» музыкалық жанрындағы қазақ шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ жастар арасында талантты орындаушыларды анықтауға жәрдемдесу.

Кеште Павлодар қаласының «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернат» кешенінің басшысы Серік Сыздықов сөз сөйледі. Аталмыш іс-шара Павлодар қаласының «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернат» кешені және Успен ауданы музыкалық мектебі арасындағы ынтымақтастық аясында өтті.

«Рухани кештің куәгері болдым. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға Ақсу қаласы, Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл аудандарының күйшілері, аудандық музыка мектебі, Павлодар қаласының музыкалық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты», – Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова.

Ұлттық музыка ұлықталған кеш барысында орындалған әр күйдің тарихы баяндалды. Жиналған көрермен өнерпаздар өнеріне көзайым болып, жоғары баға берді. Осындай іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Басқа материалдар

Back to top button