Жаңалық Редакция таңдауы

«Ұшқан ұя» марафонының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру жобалық кеңсесі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұшқан ұя» лонгрид марафонының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Лонгрид – мультимедиа элементтерін: фотосуреттер, бейнелер, инфографика және басқаларын қолдана отырып, әртүрлі электронды ақпарат құралдарынан материал оқуды қамтиды.

Жоба қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары мысалында жастардың бойында адамгершілік ұстанымдарды қалыптастыруға, отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

«Ұшқан ұя» лонгрид марафоны Алматы қаласының шығармашыл студенттері мен жастары арасында өтті:

І кезең – қазақ әдебиетінің классиктерінің бірін таңдап, оның ұшқан ұясы, тұлға болып қалыптасуына әсер еткен дәстүрлі отбасылық тәрбиесі мен құндылықтары баяндалған бір шығармасын лонгрид форматында ашу.

ІІ кезең – лонгрид тақырыбы бойынша эссе-пост жазу (100 сөзден кем емес), әлеуметтік желілерде жариялау (Instagram, Facebook) #дәстүр мен ғұрып, #отбасы құндылықтары, #сананың жаңғыруы, #модернизация сознания, #семейные ценности, #Ұшқан ұя, #Рухани Жаңғыру хештектерін қою.

ІІІ кезең – жеңімпаздар қазылар алқасының сараптамалық бағалауы арқылы анықталды. Қорытындылау кезінде парақшаға тіркелушілердің лайктары мен пікірлері ескерілді.

Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасында басталатындығын ескере отырып, марафонға ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз. Отбасылық құндылықтар тұтас табиғаттың үйлесімді дамуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады.

«Ұшқан ұя» лонгрид марафонына Алматы қаласының шығармашыл студенттері мен жастары қатысты. Конкурсқа 33 қатысушыдан 37 өтінім беріліп, 3 қатысушы жеңіске жетті. Олардың қатарында:

Құрманбек Шыңғыс Алисаитұлы – Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (ХАТУ);

Құрманғали Дана Есқазықызы – Сәбит Мұқанов «Адасқандар» (Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (ХАТУ);

Аяпбергенова Айнұр Нұрланқызы – Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың Абай тәрбиесіндегі орны (Қазақ ұлттық аграрлық университеті).

Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен дипломдар табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button