Арнайы жобалар

АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ

Жоба ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған. Жоба аясында жастар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатыса алады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет жаңғыртылатын болады.

Осы мақсаттарға жету үшін үш негізгі міндетті орындау қажет:

  • ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  • шараларды жетілдіру арқылы әлеуметтік саланы кадрлармен қамтамасыз ету;
  • ауылдағы жастар кәсіпкерлігін қолдау.

Мақсаты: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

ҰЭМ «Ауыл – ел бесігі» жобасы 2020-2025 жылдарға арналған Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына біріктірген. Бағдарламада ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бірнеше бағыттар карастырылған.

Бірінші бағыт – функционалды қалаларды жаңғырту. Оған Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларының маңайындағы еліміздегі ең үлкен 4 агломерация кіреді. Сонымен қатар 13 облыс орталығы мен Семей қаласы.

Екінші бағыт – моно және шағын қалалаларды дамыту. Бұл бағыт бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында экономиканың шикізаттық емес секторларында «зәкірлік» жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда. Бұл моноқалалардың негізгі капиталына инвестициялар тарту көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта 27 моноқалада 57 «зәкірлі» инвестициялық жоба іске асырылуда. «Зәкірлік» жобаларды іске асыру 8,6 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және 749,4 млрд.теңге мөлшерінде инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп өндірістің даму қарқыны жақсарғалы, негізінен металлургия, тау-кен өндірісі, химия және тамақ өнеркәсібінің дамуы, сондай-ақ өзге де түсті (металл емес) және минералдық өнімдердің өндірілуі нәтижесінде кәсіпорындары тұрақты жұмыс істейтін моноқалаларда жағдай түзелуде.

Үшінші бағыт – ауылдық елдімекендерді дамыту, соның ішінде тірек  ауылдардың инфрақұрлымын, тұрғындардың өмір салтын жақсарту. Осы бағыт бойынша алғашқы даму әлеуеті бар ауылдық елдімекендерді аңықтау талаптары бекітіліп, арнайы әдістеме әзірленді.

Бұл әдістемеде 150-ден астам бағалау өлшемшарттары қолданылды. Бұл халық санының өсу қарқыны, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ, халықтың жұмыспен қамтылуының өсу серпіні, олардың ірі елдімекендерге жақындығы және басқалар. Әдістемеге сәйкес, даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді. Оның ішінде 1 173 тірек және 2 388 серіктес ауыл.

АШМ өз тарапынан іріктелген ауылдық елдімекендердің тізіміне сәйкес, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниялары арқылы несие беру бағыты бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіп отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button