Арнайы жобалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласында Түркі әлемінің бесігі мен генезисі, сондай-ақ түркі халықтарының адамзат даму тарихына қосқан үлесі туралы жайлар нақты әрі тұжырымдамалық түрде айтылған.

Осының арқасында Ұлы Даладан бастау алған түркітілдес халықтардың ежелгі мұрасы ортақ игілікке айналады. Қазақ жері материалдық мәдениеттің көптеген қырының шығу орнына айналған. Тағы бір қыры, қазіргі заманғы қоғамның жай ғана нәрсе емес, ол өз уақытында өңірлеріміздің тарихына айнала білді. Ұлы Дала елі – әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін сыйлаған дархан даламыз екені баршаға мәлім.

Мақсаты: түркі және түркі тілдес елдердің мәдениетін насихаттау.

Жоба аясында келесі іс-шараларды ұйымдастырып өткізу жоспарланған:

  • Ежелгі Түркістан қалашығының тарихи келбетін қалпына келтіру. Бұл шара бойынша жұмыстар «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы аясында жүзеге асырылуда.
  • Түркі халықтарының дүниежүзілік фестивалі мен түркі этностарының мәдени күндерін өткізу. Шараны биыл ұйымдастыру жоспарланған. Алайда елдегі карантиндік шараларға байланысты белгісіз мерзімге шегерілді.
  • Жалпы түркі шығармаларының бірыңғай онлайн-кітапханасын жасау. Бұл шара бойынша ақпарат жоқ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button