Арнайы жобалар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

«Ұлы дала – әлемдік өркениеттің бесігі». Отан тарихын, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін білу – патриотизм мен ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың негізі. Францияда кез-келген мекемеге жұмысқа қабылдаудың міндетті шарты –  елдің тарихы бойынша емтихан тапсыру.

Қазіргі уақытта тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқының мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігін нығайтуға ерекше мән беріліп келеді. Бұл ұстаным Елбасының сөйлеген сөздері мен бағдарламалық құжаттарында бірнеше рет көрініс тапқан. «Ұлы Даланың ұлы есімдері» – ұлы ата-бабаларымыз. Олар көпке танымал, біледі әрі құрметтейді.

Біздің міндетіміз – олардың мұрасын зерттеу мен мәңгі есте қалдыруға ықпал ету, еске алып, ұмытпау.

Мақсаты: Ұлы даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын зерделеу және танымал ету.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2019 жылы «Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасын өзектендіру, іріктеудің ғылыми-негізделген критерийлерін әзірлеу және ақпараттық сүйемелдеу бойынша талдамалық зерттеу» жобасы іске асырылды (2019 жылға – 66,2 млн. теңге).

Жүргізілген ғылыми зерттеулердің негізінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми әдебиетке сілтеме жасай отырып, өмірбаяндық мақалалар түрінде қысқаша сипатталған (100-ден астам есім) «Ұлы даланың ұлы есімдері» тізімі жасалып, интернет портал http://names-steppe.witharts.kz іске қосылды.

Жоба аясында оқу-білім беру парк-энциклопедиясын құру тұжырымдамасы және интерактивті нұсқасы әзірленді. Өңірлер үшін «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалды.

Ұлы ойшылдардың мұрасын ашуға бағытталған Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерейтойларын мерекелеудің жалпы республикалық жоспарлары әзірленді. Олар практикалық маңызы бар және идеологиялық жүктемеге ие болады.

БҒМ тарапынан жобаның мазмұндық жағы аяқталды. Жобаны іске асырудың келесі кезеңі Нұр-Сұлтан қаласындағы энциклопедия паркінің құрылыс бөлігі болуы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша Президенттік паркте орын бөлінген, бірақ осы жоба бойынша бюджетте ақша қаражатының болмауына байланысты құрылыс жұмыстары басталған жоқ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button