Жаңалық

Қазақстанда жасалған: №1 Маслозавод өнімі

Сағатына 12 мың литр май шығаратын зауыт бар. Өскеменде. «Қазақстанда жасалған» айдарының келесі санын «Май» АҚ-на арнадық.

1922 жылы құрылған зауыт тәулігіне 288 мың литр дайын өнім өндіреді. Шикізаттан (шекілдеуіктен) дүкен сөрелеріндегі күнбағыс майын өндіру процесі 48 сағатта жүзеге асады. 100 % отандық өнім болып табылатын тауар зауыттан тұтынушыға тікелей жеткізіледі.

Шикізатты тазалау, қабықтан ажырату, ұсақтау, қыздыру, сығу үрдістерінен кейін ғана май алынады. Кейін ол май төрт тазалау сатысынан өтіп, ыдыстарға құйылып, жәшіктерге салынып, көліктерге тиеліп, дүкен сөрелерінен табылады.

Жылына, шамамен 100 мың тонна май өндіретін №1 Май зауытында 700-ден астам адам еңбектенеді. Қажырлы еңбек, кемел саясаттың арқасында кәсіпорынның ауқымды коммерциялық желісі қазақстандық нарықтың 35%-ын иеленіп отыр.

Зауыт Шығыс Қазақстан экономикасына айтарлықтай үлес қосып келеді. Сондай-ақ кәсіпорынның балалар мен жасөспірімдер спортына, аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға, ауылшаруашылығын дамытуға көрсеткен қолдаулары көл көсір екенін де тілге тиек еткеніміз абзал.

Тұтынушыларға «№1 Маслозавод», «Забота», «Майское», «Кудесница» сауда белгілерімен етене таныс кәсіпорын қалдықсыз өндіріс принципімен жұмыс істейді. «Сбербанк» АҚ тарапынан танылған қаржылық қолдаудың арқасында зауыт итальяндық SIPA компаниясының жабдықтарын сатып алып, май құю желісінің өндірісін ұлғайтты. Бұл жабдық күніне 1, 2, 3, 4, 5 литрге дейінгі жүз мыңдаған бөтелке шығара алады. Әрбір бөтелке тексеріліп, дайындалған күнімен таңбаланып, қаптамаға жіберіледі.

Сондай-ақ, «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның қаржыландыруымен «Май» АҚ зауытта қалдықсыз өндірісті жолға қоюға мүмкіндік беретін арнайы технологиялармен жабдықталды. Май зауытында соапстокты бөлу желісін орнату бойынша экологиялық жоба іске асырылды. Оны май өнеркәсібіне арналған жабдықты өндірудегі әлемдік көшбасшылардың бірі «DeSmet Ballestra» (Бельгия) жобалап, дайындаған. Бұл шешім майды сілтілі бейтараптандыру процесінде алынған қалдықтарды жоюға алып келеді және ШМҚ (шикі май қышқылдары) өндірісін жолға қоюға мүмкіндік берді. Алынған өнім фармацевтика мен косметологияда да қолданылады. Осылайша, зауыт қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл кәсіпорынның экологиялық тазалығын арттырады.

«Сбербанк» әрқашан Қазақстанның ірі және ұсақ бизнес өкілдерін қолдауға ерекше назар аударып келеді. Әсіресе соңғы жылдары пандемия салдарынан туындаған әлемдік экономиканың қиын жағдайында да көмек көрсетуді тоқтатқан емес.

«Сбербанк өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөледі. «Май» АҚ-мен біз 2009 жылдан бастап жұмыс істейміз және ынтымақтастық жылдары кәсіпорынға қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірнеше инвестициялық жобаларды іске асырдық. Бұл біздің негізгі және сенімді серіктестеріміздің бірі», – деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Өскемен қаласындағы филиалының директоры Ольга Федоренко.

Басқа материалдар

Back to top button