ЖаңалықРедакция таңдауы

«Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Павлодар қаласында «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жомарт жүрек» – бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын азаматтар мен ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.

Сыйлық мемлекеттік деңгейде өңірлерді дамытуға, қамқорлық құндылықтары мен қайырымдылық идеяларын ілгерілетуге белсенді қатысатын, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын азаматтарды атап өтуге мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Конкурс бизнес-құрылымдар өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді кіші отанды дамытуға қатысуға ынталандыруға, көтермелеуге, елдегі қайырымдылық идеяларын танымал етуге бағытталған.

Онлайн дауыс беру мен есеп комиссиясы отырысының нәтижесіне сәйкес 5 номинация бойынша 51 жеңімпаз анықталды:

1) «Жыл тұлғасы» – белсенді филантроптық қызметі үшін;

2) «Жыл меценаттары» – белсенді меценаттық қызметі үшін;

3) «Туған өлке» – кіші отанды қолдау жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін;

4) «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін;

5) «Жылдың үздік қамқоршысы» – елеулі әлеуметтік өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі, қайырымдылық көмегі үшін.

Жеңімпаздар:

«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша:

Қатысушының аты-жөні Өңірі
1 Болат Жұмашұлы Қарабаев Қостанай облысы
2 Ғалия Әділқызы Әбітаева Жамбыл облысы
3 Сырымбек Тау Алматы қаласы
4 Айжан Ізбасханқызы Наимбекова Шымкент қаласы
5 Жақсыбек Әбдетұлы Сәрсенбеков Түркістан облысы
6 Бақытқали Мұратқалиұлы Оразғалиев Ақтөбе облысы
7 Әйгерім Жәрдемқызы Досқалиева Атырау облысы
8 Сергей Сергеевич Звольский Солтүстік Қазақстан облысы
9 Бақтыбай Жолжақсынұлы Жүнісов Қарағанды облысы
10 Бақытжан Мұратқызы Нұрақышева Ақмола облысы
11 Петр Петрович Кузьменко Павлодар облысы

«Жыл меценаты» номинациясы бойынша:

Қатысушының аты-жөні Өңірі
1 Мұратғали Әбдірахманұлы Сұлтанқұлов Түркістан облысы
2 Талғат Ералиұлы Тұрымбаев Жамбыл облысы
3 Долкунтай Абдулхалил Алматы қаласы
4 Владимир Федорович Розметов Атырау облысы
5 Дәурен Оразғалиұлы Тәліпов Алматы облысы
6 Данияр Рашидұлы Сағнаев Ақмола облысы
7 Сапар Кошкенұлы Ибкеев Қарағанды облысы
8 Александр Яковлевич Гусев Ақмола облысы
9 Қожмұхаметов Асқар ШҚО
10 Рауан Бақтығалиұлы Есенғалиев БҚО

«Туған өлке» номинациясы бойынша:

Қатысушының аты-жөні Өңірі
1 Қуатбеков Еркінбек Жамбыл облысы
2 Байкен Әшірбайұлы Әшірбаев Шымкент қаласы
3 «Атамекен Эко» қоғамдық қоры Атырау облысы
4 Қалтаев Нұрлан Қарағанды облысы
5 Жұмабай Жақсылықұлы Бекмағамбетов Ақтөбе облысы
6 Иван Матвеевич Вечтейн Қостанай облысы
7 Бақтияр Ысқақұлы Ысқақов Ақмола облысы
8 Әйткен Каменұлы Шурманов ШҚО
9 Вячеслав Павлович Чернышов СҚО
10 Ержан Қайыржанұлы Хасанов БҚО

«Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша:

Қатысушының аты-жөні Өңірі
1 «Балтекстиль» ЖШС Шымкент қаласы
2 «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы
3 «SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры Ақтөбе облысы
4 «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС Қостанай облысы
5 «KATCO» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Түркістан облысы
6 «САМҒА-Н» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Алматы облысы
7 «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы
8 «Нұр Әлем Қазақстан» ҚБФ Нұр-Сұлтан қаласы
9 «Алматы облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ Алматы облысы
10 «Эко-Техникс» ЖШС Атырау облысы

«Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша:

Қатысушының аты-жөні Өңірі
1 Әлішер Мұратұлы Рүстембек Түркістан облысы
2 Әбуталіп Мутали Жамбыл облысы
3 Ерсайын Дулатұлы Жақсылықов Ақмола облысы
4 Мөлдір Әшімханқызы Ақылбекова Нұр-Сұлтан қаласы
5 Жолмұратов Орынбай Ақтөбе облысы
6 Анташ Абзалқызы Иманбаева Алматы облысы
7 Кристина Юдакова Қостанай облысы
8 Андрей Анатольевич Исаков СҚО
9 Ибрагим Аманбайұлы Әліпов Атырау облысы
10 Роза Ерланқызы Қайғатырова Алматы облысы

Іс-шара барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Вера Ким, Еurasian Resource Group Басқарма төрағасының орынбасары Найзабекова Ақмарал құттықтау сөз сөйледі.

Жыл сайын «Жомарт Жүрек» сыйлығы азаматтық қоғамның, бизнес құрылымдарының үздік өкілдеріне, меценаттарға, ҮЕҰ мен еріктілерге беріледі. «Жомарт жүрек» жобасының жеңімпаздары VII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Әбсеметованың, «Altyn Qyran Foundation» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановтың, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ төрағасы Асылбек Есенбаевтың, QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасының бас продюсері мақсат Толықбайдың және «Менің Атамекенім» ҚБ басшысы, «2019 жылғы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ләззат Шыңғысбаеваның қолынан өз марапаттарын алды.

Басқа материалдар

Back to top button