Жаңалық

«Менің елім – Қазақстан» сурет байқауы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Атырау облысының Әділет департаментінде 1-4 сынып оқушыларының арасында «Менің елім – Қазақстан» атты сурет байқауы өткізілді.

Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі рухани қазынасы. Қазіргі егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес, теңдесіз құралы.

Шараға Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің балалары белсене атсалысты. Аталған байқаудың бірнеше бағыты болды. Олар: менің Отаным және табиғатым, қалам, елім. Осы тақырыптарға сай оқушылар А-4 форматында сурет салды.

Байқаудың негізгі мақсаты көркем шығармашылық арқылы балаларға отан сүйгіштік  сезімін қалыптастыруға және талғампаздыққа тәрбиелеу, өз отанын мақтан тұту сезімдерін қалыптастырумен қатар, рухани ағартуға жағдай жасау.

Байқау білім алушылардың өзін-өзі танытуына және эстетикалық-шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ туған өлкенің табиғаты мен көрікті жерлерін зерттеуде іздестіру-зерттеу қызметіне тарту арқылы балалардың өздігінен білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Конкурс нәтижесінде жас шеберлердің суреттері бағаланып, Әділет департаменті тарапынан грамоталар,  ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button