Жаңалық

«Алпамыс» операсы жыл премьерасы атанды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» ұлттық операсының премьерасы музыкалық қауымдастықтың ерекше қызығушылығын оятты.

Шетелдік және отандық театр сыншылары 3 және 4 желтоқсанда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» сахнасында ұсынылған опералық классика інжу-маржанын жоғары бағалады. Қойылым тобы спектакльге көрермендер аудиториясының заманауи қажеттіліктерімен үндес жаңа дем берді.

Ұлттық классиканың мүлдем күтпеген фэнтези стилінде ұсынылуы қазақстандық опера өнерінің тұтастай даму тарихындағы алғашқы тәжірибе болса керек. Әлбетте, ол өте сәтті болды!

Кәукен Кенжетаевтың либреттосында қаһармандық эпизодтардың көптігіне қарамастан, лирикалық тақырыптар шайқастардан, басқыншылықтардан үстем болды және Ю.Александровтың режиссерлік нұсқасындағы бас кейіпкерлердің махаббат көріністері көрерменді сүйсіндірді.

Басқа материалдар

Back to top button