Жаңалық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының философиялық құндылықтары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ ұйымдастырған «Кемел болашақ» жобасы аясында ТжКБ ұйымдарының фасилитатор-оқытушыларына, студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының философиялық құндылықтарын танымал ету және түсіндіру, олардың негізінде дүниетанымын қалыптастыру мақсаттарында арнайы бағдарламалық курсты жүргізуге әдістемелік ұсыныстар жасалып, арнайы вебинарларда курс тыңдаушыларына жан-жақты түсіндірілді.

ТжКБ ұйымдарының 1 курс студенттеріне 10 күнге арналған «Бағдарлау курсы» «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы туралы білім қорын қалыптастыру, оның құндылықтарын студенттер арасында кеңінен насихаттау және нығайту, ойын мен қарым-қатынас арқылы жас ұрпақтың көшбасшылық қасиеттерін дамытуды мақсат етеді.

Қазіргі өмір шындығында «Рухани Жаңғыру» қағидаларын қолдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру өзекті бола бастады. ТжКБ ұйымдары білім беру ұйымдары ретінде, жас азаматтарды әлеуметтендірудің ең маңызды институттары ретінде, оқу үдерісіне «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары мен принциптерін кірістіру  арқылы белсене қатысады. Жастар қоғамдық сананың тасымалдаушысы және өздерінің дербес рухани-адамгершілік, патриотизм туралы түсініктері мен құндылықтарын  жариялаушы ретіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаларын игеруі тиіс.

Әдістемелік ұсыныстар тұлғаның тиімді дамуын мақсат етіп, жас ұрпақтың мінез-құлқы мен ойлауын өзгертудің мотивациялық негіздерін дамытуға бағытталған ТжКБ студенттері арасында тұлғаны өсірудің және оның жаңаша ойлауын дамытудың алгоритмдерін сипаттайтын, «Рухани жаңғыру» принциптерін зерттеуге және ТжКБ студенттері арасында қажетті soft skills  (икемді құзіреттіліктерді) қалыптастыруға бағытталған бағдарлау курсын ұйымдастыру мен жүргізудің әдістері, механизмдері мен технологияларының жиынтығы.

Қазақстан Республикасы «Рухани жаңғыру» КеАҚ ұйымдастырған «Кемел болашақ» орталығы өзінің көпсатылы жобасының нәтижесінде Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік бағдарламаны қоғам санасына сәби кезден бастап сіңіретін маңызды жоба.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button