Мақала Жаңалық

Турист күнделігі. Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы, Қазақстанның астанасы. Жас қала болса да, мәдени орталықтарға бай. Әсем инфрақұрылымдарымен туристерді баурап алады.

Қала тарихы 1830 жылдан басталады. Осы жерде казак заставасы орналасқан. Арада жылдар өткен соң, застава қалаға айналып, 1961 жылы Целиноград боп өзгерді. 90-жылдары қала Ақмола атауын алды. 1997 жылы қала елордаға айналып, 1998 жылы Астана атауына ие болды. 2019 жылы қала атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

Нұр-Сұлтан халық саны бойынша Алматыдан кейін екінші орында тұр. Қаланың климаты шұғыл континентті. Жазы ыстық және құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ боп келеді. Сондықтан қалаға қыдырып келу үшін жазда келген дұрыс.

Қалай жетеміз?

Ұшақпен:

Нұр-Сұлтан-Алматы орташа есеппен – 15 000 теңге.

Нұр-Сұлтан-Шымкент – 12 000 теңге.

Нұр-Сұлтан-Ақтау – 25 000 теңге.

Пойызбен:

Нұр-Сұлтан-Алматы – 8600 теңге (плацкарт), 13 000 теңге (купе).

Нұр-Сұлтан-Шымкент – 6500 теңге (плацкарт), 10 000 теңге (купе).

Нұр-Сұлтан-Ақтау – 9500 теңге (плацкарт), 15 000 теңге (купе).

Көрікті жерлері:

Бәйтерек – тек Нұр-Сұлтанның емес, Қазақстанның символына айналған, төбесінде шары бар 97 метрлік мұнара. Төменгі қабатта дәмхана, аквариум, ал шардың өзінде бақылау алаңы мен Елбасының қол ізі бар.

Хан Шатыр. Әйгілі Норман Фостер әзірлеген әлемдегі ең үлкен шатыр, сауда және ойын-сауық орталығы. Дүкендерден басқа, балаларға арналған аттракциондар, динозаврлар және тіпті Мальдив аралдарынан әкелінген 35 градус тұрақты температурасы бар Sky Beach Club жағажайы бар.

Скендирова Қырмызы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button