Шымкент қаласы

Абдул-Әзіз баб кесенесі немесе Бәлегарден бейіті

Орналасқан жері: Сайрамда сәулет өнерінің тағы бір таңғаларлық ескерткіші Әбдул-Әзіз-баб кесенесі орналасқан. Тарихи деректерге сәйкес, 766 жылы Ысқақ баб басқарған арабтардың жасағы өз еркімен қазақ даласына келеді. Осы жасақтың қолбасшысы исламды таратуда нағыз ерлік көрсеткен Әбдул-Әзіз баб болған. Оның білімдігі, қайраттылығы мен Ислам ісіне берілгендігі халық арасында аңыз болып тараған. Бір аяқта тұрып 39 күн ғибадат қылған. Сол үшін Алла тағала оған бәле-жаладан қорғайтын қасиет беріпті. Осылайша бәлені болдырмайтын және жаладан ақтай алатын әулие жұртшылық арасында Бәлегарден деген лақапқа ие болған. Ол тарихта осы атымен қалған.

Кесене құрылысы ХIV ғасырға жатады. Жылдар өте келе кесене безендірілген оюлардың көпшілігі жоғалған, құрылыстың өзі жаңбыр, өрт пен соғыс әрекеттері салдарынан айтарлықтай зақымданған. Басында салынған мазар уақыттың сынағына төзбей, құлап опырылған, XIX ғасырда қайта қалпына келтірілген, ал кейбір жері қайтадан салынған.

Басқа материалдар

Back to top button