Алматы қаласы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МУЗЕЙ-ҮЙІ

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолына арналған мәдени-ғылыми мекенжай Алматы қаласы А.Байтұрсынұлы мен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. 1934-1937 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы тұрған үй музей ретінде 1998 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде ашылды. Музей-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпына келтірілді. Музей экспозициясын «Арыс» қоры (Ғ.Әнес) жабдықтады. Музей 1,5 қабатты ғимараттан тұрады. Онда төрт бөлме және бір бөлмеден тұратын жертөле бар. Жертөле – музей мен қоғамдық қор қызметкерлерінің кеңсесі. Үш бөлме – көрме залы, бір бөлме ахметтану дәрісханасы. Ғалымның туған күні 5 қыркүйекте жыл сайын «Тұлға тағылымына – тағзым» атты дәстүрлі ахметтану оқулары өткізіледі. Музей ауласына ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының бюсті орнатылған.

А.Байтұрсынұлы (1873-1938) – алаш көсемі, ақын, ұлы лингвист, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, публицист, педогог, аудармашы, қоғам қайраткері. 1937 жылы қазанда тұтқынға алынып, бірнеше айға созылған тергеуден соң, 1938 жылы ақпан айында атылды. Қамауда тергеушілердің сұрақтарына былай жауап берген: «Менің арманым – мүмкіншілігінше қазақ халқының дәулеттілігін, мәдениетін жоғары деңгейге көтеру. Ол ізгі іс енді ғана басын алып тұрғандықтан мен басымды тек қана менің тілегімді қанағаттандыратын билікке иемін».

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=5

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button