Қостанай облысы

Амангелді Имановтың жерленген жері

Нысан мерзімі:  1940 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Амангелді ауданы, Амангелді ауылындағы орталық алаң.

Амангелді Үдербайұлы Иманов(1873-1919) – халық батыры, Торғай және Торғай облысында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрестің белсенді қатысушысы, Торғай уезінің әскери комиссары болды. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық және қолбасшылық қабілеті 1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыстың алғашқы күндерінен танылды. 1916 жылдың шілде айында Амангелді жекеленген қазақ жасақтарын бірыңғай әскерге жинап, тамыз айында Сұрша шатқалында көтерісшілер оны бас қолбасшы – сардарбек қылып сайлайды. Амангелдінің әскері көтерісшілердің басқа жасақтарына қарағанда ұйымдастырушылығы және тәртібімен ерекшеленген. Пошта қызметі тәртіпке келтірілген. Амангелдінің серіктесі және досы Кейкі батырмен бірге арнайы мергендер бөлімшесі құрылды.

Амангелді Иманов 1919 жылы 18 мамырда ішкі араздықтың құрбаны болды, Алакөлге жерленген. 1940 жылы халық батырын Амангелді ауданының орталығына (бұрынғы Батпаққара ауылы) қайта жерледі. 1960 жылы оның  бейітіне мүсінші Хакімжан Наурызбаев жасаған ескерткіш орнатылды. Мүсін қоладан жасалған, мәрмәр тақталармен қапталған тікбұрышты тастұғырға орнатылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button