Алматы облысы

Аңырақай шайқасына қойылған белгі

Орналасқан жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Еспе ауылы.

Қысқаша мәлімет: Аңырақай шайқасы – қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші шайқастардың бірі. Бұл – қазақ жерінің тұтастығын сақтап, қалауға негіз болған шайқас. 1723 жылы қазақ елі сұрапыл апат – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» трагедиясына ұшырайды. Ол әлеументтік алауыздық пен бытыраңқылықтың зардабы болды. Көп ұзамай, 1726 жылы Арқа беттегі Бұланты өзенінің бойында басқыншыларға бірлесе тойтарыс берді. Осы шайқасты жоңғарларды ойсырата жеңген қазақтың мерейі үстем болды. Жеңіс қазақ халқының рухын көтерді. Қазақ жерін тұтас басып алуды көздеген жоңғарлардың алғаш беті қайтты. Осыдан кейін-ақ жоңғарлар әлсірей бастады, ақырында Цин империясының жемтігіне айналған жоңғар мемлекеті осылайша мүлдем құрыды. Бұл жеңіс қазақ халқының еңсесін көтеріп, азаттық күресте жігерлендірді. Қазақ халқының бүкіл Орта Азияда үлкен күш екендігін көрсетті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button