Нұр-Сұлтан қаласы

«АСТАНА – БӘЙТЕРЕК» МОНУМЕНТІ

Нұр-Сұлтаның орталығындағы «Астана – Бәйтерек» монументі – тәуелсіз қазақ елінің символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуі, мемлекеттілігі, биіктік пен тереңдік, кеңдік белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Идеяның авторы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

«Астана – Бәйтерек» монументінің маңыздылығы қазақ халқының жаңа өмір кезеңіндегі символы ретінде «Аялы Алақан» көркем композициясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының қолтаңбасымен көркемделген. Нысан 97 метр биіктікте орналасқан, яғни 1997 жыл – мемлекетіміздің жаңа елордасы – Нұр-Сұлтаның жариялануын және сәйкесінше елдің тарихындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Сонымен қатар «Бата» композициясында 2003 жылы Нұр-Сұлтанда жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялары жетекшілерінің Қазақстан жері мен халқына берген батасы қамтылған.

«Астана – Бәйтерек» монументінің басты идеясы – Әлем Ағашы. Осы орайда оның қызметінде көзқарастың басты үш деңгейі топтастырылған: төменгі (жер астында), ортаңғы (жер бетінде) және жоғарғы (аспан әлемінде). Монументтің архитектурасында төменгі қабаты жер астында 4,5 метр деңгейінде орналасқан, бұл тұрғыда ағаштың тереңде жатқан тамыры іспеттес ұлттық мәдениетіміздің, тарихи мұрамыздың тереңде екеніне мән берілген.

Сілтеме: www.kieliqazaqstan.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button