Алматы қаласы

Боралдай САҚ ҚОРҒАНДАРЫ

Алматы қаласының солтүстік-батыс аймағында Үлкен Алматы өзенінің сол жағалауында орналасқан. Хронологиялық мерзімі: б.д.д. VIII-ІІІ ғғ. және б.д.д. ІІІ ғ.-б.д. ІІІ.

430 га аумақты алып жатқан «Боролдай сақ қорғандары» археологиялық паркі аймағы ерте темір дәуірінің 47 үлкен сақ және 200-ден астам үйсін қорғандарынан тұрады. Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге ТМД аумағында, Азия құрлығы көлеміндегі ерте темір дәуіріне жататын бірегей ескерткіш. Қорымныӊ негізгі бөлігін құрайтын биіктігі 10 метрден 14 метрге дейін жететін бұл қорғандарды археологтар «Патшалар әулетініӊ жерлеу кешені» деп атайды. Бұл жер сақ және үйсін тайпаларын билеген тұлғалардың, қолбасшылардың жерленген жері. Қазақтың тарихын тұтастайтын үлкен нысанның бірі болып табылатын Боралдай қорғандары сақтар мен үйсіндердің қорымын біріктірген еліміздегі бірден-бір қорғандар желісі. Қорғанның ортасында орналасқан қорым Сақ ғибадатханасы болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, мұнда күнтізбемен байланысты ғұрыптар жүргізілген.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=103

Басқа материалдар

Back to top button