Батыс Қазақстан облысы

ЖАЙЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласынан оңтүстік шығысында 12 шақырым жерде орналасқан.Хронологиялық мерзімі: ХІІІ-ХІV ғғ.

Жайық Алтын Орда дәуірінде өзінің өндірісі мен қолөнері дамыған өркениетті қала болды.Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қалашық аймағынан бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық нысандары – кірпіш және әктас күйдіретін пештер, монша-хамам, тұрғын үй-жайы және қалашық бейітіндегі кесенелер болғандығын анықтады. Жайық қалашығында табылған қоғамдық ғимараттардың ішінде монша-хамам қызығушылық тудырды. Монша жер деңгейінен 150-170 см тереңдікте жайласқан. Моншаның жалпы көлемі 110-170 шаршы метр.

Археологиялық зерттеулер Жайық қалашығының дамыған Алтын орданың қалдығы екенін дәлелдеді. Табылған екі мыс тиынның бірінде «Сарайда соғылған 737» деген (хижра бойынша 1336-1337 жылдар) жазу бар. Бұл ақша Алтын Орданы 1312-1357 жж. билеген Өзбек ханы тұсында шығарылған. Жайық қалашығындағыдай, монша Шығыста әлі күнге сақталса, кірпіш күйдіру пеші Еділ мен Жайық бойындағы Алтын Орда қалаларына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстаннан әкелінсе керек. Алтын Орда дәуірінде мұндай пештер Хорезмде, ежелгі Отырар және Күйріктөбе қалашығында белгілі болған.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=146

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button