Алматы облысы

Жаркент мешіті» сәулет- көркемөнер мұражай кешені

Орналасқан жері: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

Қысқаша мәлімет: «Жаркент мешіті» кешені – ХІХ ғ. Сәулет өнері ескерткіші. Тянь Шань шыршасынан дайындалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған.Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инженер–Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы, мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынды. Құрылыс кезінде не шегелер, не тұтқалар (скобы) қолданылмады. Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, басты кіру – порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа – қоршаулар.

Басқа материалдар

Back to top button