Батыс Қазақстан облысы

ЖҰМАҒАЗЫ ХАЗІРЕТ КЕСЕНЕ

Кесененің орналасқан жері – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тоғанас ауылдық округіндегі Қараоба.

Батыс Қазақстан өңіріне «Дәдем ата» атпен әйгілі Жұмағазы хазірет  Тәңкеұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген дін ғұламасы. Ел аузында сақталған  аңызға қарағанда ол Түркістан шаһарында білім алып, Қожа Ахмет Ясауи дүрбесінде имандық қызмет атқарған. Ол жайында кезінде ақсақалдардан естіген мынадай әңгіме айтылады: «Атамыз бала кезінде бір күні намазға барыпты. Намаз оқылып болып, имам шығып кеткен соң, Жұмағазы әулие сіздер жаңа кімге ұйыдыңыздар депті, сонда көпшілік не деп тұрсың, имамға ұйыдық деп жауап қайтарыпты. Сонда бала: «Жоқ, сендер көк сиырға ұйыдыңдар», – депті. Содан баланы имамға алып барыпты. Имам: «Мен намаз оқып отырғанда ойым табыннан бөлініп кеткен көк сиыр қай жаққа кетті екен деген ойда отыр едім, мына бала соны біліп отыр депті. Мен тамшы, мына бала көл», – деген екен.

Туған жеріне оралып, мешіт-медресе ашып, елге рухани білім таратқан Жұмағазы хазіреттің қасиеті, ерек тылсым күші туралы аңыз-әпсананың бірі: «Жұмағазы хазірет Түркістаннан оралған соң қазіргі Сырым мен Теректі аудандары аралығындағы жерді жайлап отырған қазақ руларының ақсақалдарына жолығып, қоныс сұрапты. Бірақ рубасылар Жұмағазының өтінішіне құлақ салмайды. Сол кезде бұрылып кетіп бара жатқан Жұмағазы хазіреттің арқасынан лаулап от көрінген екен. Мұны байқаған бір ақсақал: «Оу, жұртым, мына адам тегін кісі болмады, киесі ұрар, өтінішін орындап, жер бөліп бермесек болмас!» – деген екен дейді.

Оның бойындағы ерекше қасиетін сипаттаған келесі бір аңызда: «Жұмағазы хазіреттің ерте күзде жаңа қатқан Аңқаты өзенінің үстінен тарантас арбамен өтіп кеткендігі сөз болады. Сонда қабыршақ мұз арбаны қауырсын құрлы көрмей көтерген, ал арба соңынан ерген күшік ит малтығып, суға бата берген екен. Қазіргі Тамасай, Үбінияз жайлауы деген жерлер сол кезде Жұмағазы хазіреттің үлесіне берілген жерлер болса керек. Ал қыста қыстауы Қараоба бетте болғанымен, жаз жайлауы оңтүстік батыс жақтағы Қауыз, Тамасай деп аталатын кең жазық болған.

Оның бойындағы ерекше қасиетін сипаттаған келесі бір аңызда: «Жұмағазы хазіреттің ерте күзде жаңа қатқан Аңқаты өзенінің үстінен тарантас арбамен өтіп кеткендігі сөз болады. Сонда қабыршақ мұз арбаны қауырсын құрлы көрмей көтерген, ал арба соңынан ерген күшік ит малтығып, суға бата берген екен».

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=32

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button