Батыс Қазақстан облысы

ЖЫМПИТЫДАҒЫ АЛАШОРДА ҮЙІ

Алашорда үкіметінің батыс қанаты – күнбатыс Алашордасының орталығы болған Жымпиты селосында (Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы) Алаш тарихымен байланысты бірнеше ғимарат сақталған.

1918-1919 жылдары Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар басқарған Күнбатыс Алаш Орда үкіметі осы тарихи ғимаратта орналасқан. Алаш жұрты азаттыққа қол созған 1917-1918 жылдары Алашорданың батыс қанаты ең ұзақ: 19 ай – 578 күн бойы өмір сүрген.

Бұл ғимарат 1867 жылдары салынған, екі қабатты ағаш үй, қабырғасы саман тастан тұрғызылып, сыртқы қабаты тақтаймен қапталған. Орыс саудагері осы ғимаратты салғаннан кейін 1890 жылдың аяғында астық тартатын механикалық диірмен салады. Онда сөктен бастап ең қымбат сапалы астық тартып, Орынбор, Оралға дейін жеткізіп сатқан. 1917 жылы шілде айында Алаш партиясы құрылды. Осы ғимаратта 1918 жылдың ақпан айынан 1920 жылдың қазан айына дейін «Алашорда» үкіметі орналасты.

Күні бүгін бұл ғимаратта Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Алаш» залы орналасқан, бұл зал Алашорданың 95 жылдығына орай ашылған.

Сілтеме: 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button