Қостанай облысы

Кейкі батыр кесенесі

Нысан мерзімі:  2017 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Амангелді ауданы, Тасты ауылы.

Кейкі батыр (Нұрмағамбет Көкембаев) – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы белсенді және аты аңызға айналған тұлғалардың бірі, ірі көтерілісшілер отрядын басқарды, құралайды көзге атқан мерген болған. Жазалаушылар отрядымен шайқаста Кейкі батыр мергендер тобын басқарған. Ол Доғал шайқасында, Торғай қоршауындағы, Күйік қопасындағы шайқастарда асқан ерлік көрсеткен.

Өзінің үзеңгілестері Амангелді Иманов пен Әбдіғаппар хан қайтыс болғаннан кейін Кейкі батыр кеңес өкіметіне қарсы шығып, қуғынға ұшырайды. 1923 жылдың көктемінде қызыл әскерлердің қолынан қаза тапты. Қазақ мергенінің кесілген басын дәлел ретінде Орынборға жібереді, содан кейін оны Санкт-Петербург қаласының Кунсткамера антропологиялық қорына сақтау үшін жіберілді.

2016 жылы ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың араласуымен Кейкі батырдың бас сүйегі Отанына қайта оралды. 2017 жылы Амангелді ауданындағы Тасты ауылының аумағында салынған кесенеге салтанатты түрде жерленді. Жаңа кесененің биіктігі 15 метр, күмбездің төбесінде жарты ай бекітілген сүмбісі бар. Кесененің жан-жағы қоршалған, іс-шаралар өткізуге және автотұра

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button