Қарағанды облысы

КҮЙШІ ТОҚА ШОҢМАНҰЛЫ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Тоқа Шоңманұлы (Сайдалы Сары Тоқа) – 1821 жылы туған. 1847 жылы Сайдалы– Алтай болысы, Айтқұл руы, Қабай бөлімшесінің старшыны болып, ал 1849 жылы 3 желтоқсанда болыс билеушісі болып сайланған. Жаз айларында Манақа, Сарысу өзендерінің бойымен көшіп, Көктіңкөліні, Кенелі мен Керегетасты жайлаған. Қыс айларында Ақтау тауларын қоныстаған. Орыс патшалығының архиві Тоқа Шоңманұлын қарапайым және әділ болды деп сипаттайды. Тоқа – қазақ еліне белгілі күйші-композитор. Жаңаарқа жерінде туып-өскен тарихи тұлғалар ішінде атақты күйші-композитор Сайдалы Сары Тоқаның, Тоқа Шоңманұлының орны бөлек. Тоқа осы елде бар саналы ғұмырын өткізген, көп жыл болыс болған. Сүйегі Қаратұмсық деген жерге жерленген Сайдалы Сары Тоқаның замандастарының ішінде көп тіресіп, айтыс-тартысқа түскен адамдары Аралбай Құтжан қажы, Қаңтарбайдың Исасы, Қаңтарбайдың Жақыбы, Әкбарбай сияқты сол төңіректің жуан сіңір шонжар, ықпалды адамдары болған. Бұлар әрбір орайлы сәтте Тоқаның соңынан сөз ілестіріп, неше түрлі кәуесет таратып, реті келсе бой көрсете тіресіп, сағын сындыруға күш салып отырған. Бұл орайда, Көп естелік әңгіменің бірі Тоқа мен Құтжан арасындағы дау-дамайдың сылтауы ел қонысына, мал өрісіне қатысты өршіп отырған. Құтжанға өңшең көк мойын жылқының төртбес қосы бітсе керек. Тоқада ондай түстеп жинаған мал жоқ. Бірде Тоқаның ауылының үстін Құтжанның қалың көк мойыны қаптай басып, ауыл арасы шаң-шұң болып, Құтжан мен Тоқа сөзге келісіп қалады. Сонда Тоқа: “Құтжан-ау, әуе ашық, күн жарықта малыңның аяқасты ететіндей, бұл қай қорлағаның?”, – дейді. Құтжан: “Саған жер не үшін керек?” -деп, Тоқанын малының жоғына тиісе тіл қатады. Бұған шыдайтын Тоқа ма: “Әй, Құтжан, сен сырты түкті, іші боқты көк мойындарыңа көкірек керемісің, жоқ әлде иесіз көк мойындарыңа көкірек керемісің!” – деп, Құтжанның баласының жоқтығын бетіне басып, қатты кетеді. Кейін Құтжанның тоқалынан Имаммұса, Әлімұса деген екі ұл туып, Тоқадан сүйінші сұратқан екен. Сонда Тоқа сүйіншіге үкілеген ат беріп: “Құтжанға айтып бар, көңіліне кө-97 леңке сақтамасын, перзент көрмей жүргенін Құдайдың есіне мен салмасам, мұндай қуаныш болмас еді”, – деп, баяғы бір ауыр айтқан сөзі үшін жүректе жатқан шеменнен құтылғандай қуанған екен. Күйші Жаңаарқа ауданында жерленген. Тоқа мейлінше балажан адам болыпты. Онын әйгілі “Төрт толғау” күйінің тууына да сол балажандығы себепші болған дейді ел ішіндегі көзкөргендер. Тотаңның “Саржайлау” күйі Тілендиев Нұрғисаның орындауында эфирден жиі беріліп тұрады. Күйтабағы да шықты. Тоқаның шығарған күйлері мейлінше көп болған. Көз көрген қарттардың айтуы бойынша “Саржайлау”, “Терісқақпай”, “Қосбасар” (үш нұсқасы), “Ерке қыз”, “Бозайғыр”, “Азамат”, “Белшешер”, “Жалғыз ішек”, “Аққу”, “Тоғызтарау”, “Жолдықоңыр”, “Төрт толғау”, “Сары өзен”, “Алшағыр”, “Айдос” сияқты күйлерін жұртшылық мейлінше ұйып тыңдаған. Өкінішке орай, жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы аласапыран, аштық, босқын рухани ұлы дәстүріміздің де көмескі тартуының құныкері болды. Қазір Тоқаның оншақты күйінің ғана жұқанасы белгілі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button