Алматы облысы

Малайсары Тоқтауылұлы Басентин

Орналасқан жері: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Малайсары ауылы

Қысқаша мәлімет:     Малайсары стансасында Малайсары батыр XVIII ғасырдың басында жоңғар шапқыншылығына ұшырап, елімізді қорғау жолында мыңбасы болып, ата жаумен айқасқан халқымыздың ержүрек батырларының бірі.

Мыңбасы болып, Жаңақорған, Шымкент қалаларын азат ету ұрыстарында жан аямай шайқасып, өз есімін ерен ерлігімен ел есінде қалдырды. Малайсары Арқа бойынан жауды қуып, ел-жұртынан жырақта, Жетісу жерінде, Алтынемел баурайында шайқаста алған жарадан қайтыс болған. Ал Жетісулық бабаларымыз елі мен жерін қорғаған батырын ұмытпай, өзі қайтыс болған Алтынемелден шамамен 60-70 шақырым жердегі тауды Малайсары тауы деп атаған. Малайсары батырдың шыққан тегі орта жүз арғын елінің ішінде Бәсентиін руы болады. Малайсары батыр Малайсары стансасынан батысқа қарай 3 шақырым жердегі Қызылсораң деген биіктеу жерге  жерленген.

Басқа материалдар

Back to top button