Қарағанды облысы

МАҚАТ КЕСЕНЕСІ

Мақат сағанасы – сәулет өнері ескерткіші. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Шеңбер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым қашықтықта, Қараторғай өзенінің жағасында Мақат Саржанұлына арнап тұрғызылған. Мақат бабамыз Торғай өнірінің Ұлытаумен шектескен шұрайлы бір өңірін мекендеген бақуатты кісі болған деседі. Ол кісі нысапсыз мал жиюдан гөрі, ғылым – білімді меңгеруді өнер тұтса керек. Сөйтіп, артына өшпес із қалдыруды ойлаған Мақат баба бұрынғы атабабалар жолымен кейінгі ұрпақ айта жүрер тарихи ескерткішті салып кетіпті. Бір қызығы, сағана – іші ашық мола. Ішінде Мақат бабаның ұрпақтары жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұл сағанада 20 шақты адам мәңгілік тыныстауда. Олардың жерлену дәстүрі де өзгеше. Адам қайтыс болған соң, ақ кебінге орап, марқұмды сағананың жертөлесінде қазылған арнайы орынға әкеліп қояды. Ерлер мен әйелдердің жеке бөлмелері бар. Ортасында шымылдық тұтылған. Кейін марқұм болған жан өз өсиеті бойынша осында әкелінсе, онда бұрынғы жатқан кісінің мүрдесі арнайы қазылған шұңқырға түсіріледі. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді. Олай дейтініміз, мұнда соңғы жерленген адам 1994 жылы болыпты. Мақат бабаның 1925 жылы туған баласы Шақарат жатыр. Сағананың кісі таңғаларлық бір ерекшелігі, мұнда жатқан мәйіт қырық күн шілде болса да, иістеніп кетпейді. Кесененің есігі киізбен қапталған. Яғни жаздың аптабында ыстық кірмейді. Сондықтан ішкі жағы да қоңыр салқын. Ішкі қабырғасы кірпіштен өрілген. Үнемі бір салқындықты сақтап тұрады. «Мақат сағанасы» аталатын күмбезді кесене ХХ ғасыр басында жергілікті Мақат есімді бай қуатты кісінің басқаруымен салынған екен. Өзінің және ұрпақтарының бір жерде тіршілік кешуін ойластырып, кесене астында арнайы камералар жасатқан. Камералар орналасқан жер дөңгелене пішінделген тастармен көмкерілген. Сахананың ең астыңғы қабатында терең ор қазылған. Кесенеде үш адам қоятын камера бар. Ең шеткі төр жақтағы камерада және бергі кіреберістегі камерада адам мүрдесі жатса, ортасындағы әйелге арналған Жаңа мәйіт әкелінген кезде сүйектер терең бұрынғы орға кесеумен сырылып түсіріледі. Мұнда ең соңғы мәйіт 1994 жылы қойылған екен. Бір камералы күмбез-порталды күйген кірпіштен қаланған көне ғимарат. Негізгі фасады түрлі қалыптағы кірпіштермен әдіптеліп, бүйірі мен артқы бөлігі әдемі әдіптелген. Конус тәріздес күмбезі дөңгелек негіздің үстінде орнатылған. Бас қасбеті «П» пішіндес белдеумен сәнделіп, ортасынан доғалы кіреберіс есік шығарылған. Сыртқы периметр көлемі 5,48х5,60м-ді құраса, ішкі периметр көлемі 3,68х3,70м. Биіктігі – 5,70м. Құрылысына көлемі 26х12х7 см болып келетін кірпіштер пайдаланылған. ХХ ғасырдағы Орталық Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіші. Мақат кесенесі тарихи аңыздар бойынша осы өңірге белгілі танымал тұлға. Сондықтан, бұл кесенеге тәуіп етіп келушілер үнемі үзілмейді. «Сағана» ретінде жерлеу осы өңірге аңыз болып таралғанымен, бұндай жерлеу рәсімі өте сирек кездеседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button