Маңғыстау облысы

МАСАТ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылынан 15 шақырым қашықтықта оңтүстік-шығыста орналасқан. Масат ата қорымы және жерасты мешіті шамамен Х–ХIХ ғғ. жатады. Мешіттің ішкі аумағы төрт қанат үйдей, төбесінде шаңырақ тәрізді ойық бар.

Масат ата-ислам дінінің орнығуына атсалысқан белгілі тұлға, елін жаудан қорғаған батыр. Қалмаққа қарсы қанды жорықтар жасаған ерлердің арасында айрықша аталып, дәріптелетін, елін жаудан қорғап, арпалысып өткен батыр. Аңыз бойынша, жаулары Масат атаны өлтірудің сан алуан әдісін жасайды, бірақ еш нәтиже шығара алмайды. Масат ата таң намазына тұрғанда денесінің жүйе-жүйесі босап, әлсізденеді, ал төңірек, құм мен тас та ериді екен деседі. Міне, осындай сәтте жау да келіп Масат атаның басын шапқан. Шабылған бас жаюлы жайнамазға түседі. Масат ата басын жайнамазға ораған күйде үйден шыға жүгірген, сонда үй қасындағы құлыны бар сауын бие де артынан ерген екен. Әулиенің де, құлын мен биенің іздері де, атаның мойнынан тамшылаған қанның ізі де жолдың құбыла тұсындағы көктасқа айна-қатесіз түсіп қалған. Құлынды-бие жан тәсілім етеді. Ал опасыз адамның қолынан өлген батыр өзінің денесін қалдырмас үшін көкке ұшып кеткен деседі. Бірақ жерасты мешіті сол күйінде қалған деген аңыздар бар.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=167

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button