Қарағанды облысы

МЕЙРАМ БАТЫР ЖАНАЙДАРҰЛЫ КЕСЕНЕСІ ЖӘНЕ ЖАНАЙДАР БАТЫР СӘУЛЕТТІК КЕШЕНІ

Мейрам қажы Жанайдарұлы (1826-1921 жж.) бұрынғы Ақмола облысы, Атбасар уезінде (қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы) Терісаққан ауылында туып өскен. Мейрам қажы жастайынан әкесінің орнын басып, Атбасар ауылында «Төртуыл Тоқтауыл-Алтай» болысында басшы болып сайланды. 1866 жылы Мейрам Жанайдаров «Анна лентасына» тағылатын алтын медальмен марапатталған. Ел арасында беделді басшы болып, болыстыққа бірнеше рет сайланған. 1866 жылы Мейрам Жанайдарұлы ел басқарумен қатар, ұлттың саяси-мәдени дамуы үшін көп қызмет жасаған. Әкесі Жанайдар Орынбайұлы Кенесары ханның хас батыр қолбасшыларының бірі болған. Мейрам Жанайдарұлы 1876 жылы Санкт-Петербургте өткен үшінші Халықаралық ориенталистер Конгресіне қатысып, көрмеде қазақ бұйымдарының үлкен жинағын көрсетеді. Оның толық тізімі мұрағатта сақталған. Мейрам атамыздың кейбір заттары Париждегі көрмеге құйылған. Мейрамның жылқы тұқымын асылдандыруға қосқан үлесі үшін, сегіз рет Батыс Сібір әскери генерал-губернаторының жүлдесіне ие болып, 1891жылғы көрмедегі ат жарыста бірінші орынды болашақ император екінші Николайдың өз қолынан алған. Мейрам қажының соңында өнегелі істері аңыз болып қалды. Ұлытаудың теріскейіндегі Обалы деген жерде Мейрам Жанайдарұлы осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын кірпіш зауытын ашып, күйген кірпіштен екі қатарлы үйлер салдырды. Мал тұқымын асылдандырумен айналысып, Мейрамның ауызымен құс тістеген тұлпарлары сегіз рет Батыс Сібір генерал-губернаторының алтын жүлдесін жеңіп алды. Мейрамның зергерлері соққан күміс білезіктер, жүзіктер мен шолпылар осындағы кейуаналардың сандығынан әлі күнге табылады. Түндігі тік көтеріліп ашылатын, үзіктен төмен түскен бірнеше терезелері бар Мейрамның киіз үйлері Романовтар әулетінің 300 жылдығында теңдессіз деп табылып, біреуі «Экспо-1898» тұсында Париж асып кетіпті. Екіншісі Петербордағы Кунст камераның қоймасында әлі күнге тұр. Ақындық – Мейрамның бойына біткен дарынның бір ғана қыры. Ел үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Ол кісінің бойындағы ерекше қасиеттің бірі атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрге көңіл бөлгені бүгінгі күні бізге үлгі-өнеге болып қалды. Соның бірі, қазақ киіз үйіне керегенің бойымен жылжитын сырғымалы терезелер орнатқан. Киіз үй құрылысына, киім-кешек, үй жиhазына, ат әбзел, ер-тұрманына, зергерлік бұйымдарына жаңалық енгізіп, оларды безендіруге ынта-жігерін, білімін аямай жұмсап, қара орман мал-мүлкін сол үшін саналы түрде шашқан адам. Ер-тұраманын, қару-жарағын, ит жүгірту, құс салу, ат жарыстыру сынды салт-дәстүрлерлерді насихаттаумен шұғылданып, Ресейдің белгілі мұражайларына жәдігерлер өткізіп тұрған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button