Қостанай облысы

Міржақып Дулатұлы кесенесі

Нысан мерзімі:  1992 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Жангелдин ауданы, Бидайық ауылы.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935) – ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының рухани көшбасшыларының бірі. Оның қоғамдық-саяси қызметі 1905 жылы басталды. Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағының «Оян, қазақ!» атауы қазақ зиялыларының халқына тастаған ұранындай болды. Ахмет Байтұрсынов және Әлихан Бөкейханұлымен бірге Қарқаралы петициясы авторларының бірі. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» атты бірінші романы үлкен табысқа ие болды. 1913 жылы Байтұрсыновпен бірге  «Қазақ» саяси-қоғамдық газетін шығарып, «Алаш» партиясының бағдарламасын жазды.

Міржақып Дулатовтың тағдыры да оның көптеген замандастарының тағдыры сияқты өте қайғылы. 1930 жылы ол ату жазасына кесіліп, кейіннен 10 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды, Сосновец лагерінің  орталық лазаретінде қайтыс болып, сол жердегі зиратқа жерленді. 1988 жылы ақталды. 1992 жылы Міржақып Дулатовтың туған жері Жангелдин ауданының Бидайық ауылына сүйегі қайта жерленіп, кесене орнатылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button