Алматы облысы

Қапал батыр кесенесі

Орналасқан жері: Алматы облысы, Талдықорған-Қапал автокөлік жолынан 80 шақырым, Ешкіөлмес тауының баурайында

Қысқаша мәлімет:      Қапал батыр (1513-1606). Шежіре бойынша ұлы жүз Дулаттың Жанысынан  Жанту,  Жантан, Жарылқамыс,  Бөгежіл, Қапал, Шегір, Оймауыт атты жеті ұл туады.  Әкесі Жаныс бабамыз 1452 жылы туылған деген  мәліметке қарағанда Қапал батыр ХІ ғасырдың аяғы мен ХҮІ ғасырдың басында өмір сүрген.  Қапал батыр мен Есім ханның басшылығымен Жетісу аймағын басқыншы қарақытайлардан азат етіп, халқына тыныштық өмір орнатады.  Ол  Тәуекел ханның тұсында да Сыр бойын шапқыншылардан босатып, бейбіт өмір орнатуға үлес қосқан. Кесене Қапал батырдың жерленген бейітінің үстінен салынған.

Басқа материалдар

Back to top button