Маңғыстау облысы

ҚАРАМАН АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінен 35 шақырым оңтүстік-батыс бағытында, Қандыбас қыстағының батысында 5 км жерде орналасқан Қараман ата қорымы және жерасты мешіті (ХIII-ХIХ ғғ.) – Маңғыстаудағы ең ескі және үлкен қорымдардың бірі.

Қорымның ішінде орта ғасыр дәуіріне жататын құлпытастар, тас қоршаулар, XIX ғасырдың II жартысы XX ғасырдың басында Адай шеберлерінің қолымен тұрғызылған күмбезтамдар және көптеген сағанатамдар кіреді. Қорымның батыс бөлігінде Қараман ата жерасты мешіті бар. Мешіт үш бөлмеден тұрады

Аңыздар бойынша, Шопан атаның баласы Исан атадан туған Қараман ата атасына барлық жағынан ұқсаған құдірет иесі болған. Қараман ата қорымы мен жерасты мешіті Қараман атаның тазалық, адалдық анты өткізілетін жер болыпты. Ел мен елдің, ру мен ру арасындағы дау-жанжал мен қантөгіске ұласқан қиын мәселелерге тоқтау болған, бір-біріне кезенген найза төмен түсірілген жер екен. Тағы бір аңызға сүйенсек, түрікмендер мен адайлар арасында ұзақ жылдар болған қантөгісті тоқтату мақсатында Қараман ата мешітіне анттасу үшін келген екен. Қараман ата мен Бекет атаның құдіретін көзбен көрген түрікмендер мен адайлар қантөгісті тоқтатып, енді ешқандай дау-дамайдың болмайтынына ант берген. Сол себепті ел, ру, халық үшін Қараман ата мешіті елді, руды, жұртты табыстырған, біріктірген, достастырған құдіретті орын деп саналған.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=166

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button