Қостанай облысы

Құтан әулие Аталықұлының кесенесі

Нысан мерзімі: 2008 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Амангелді ауданы, Амантоғай ауылының маңында.

Құтан әулиен Аталықұлының (1690-1780) туған жері  – Ұлытау өңірі. Халық арасында көріпкелдік қасиеті бар әулие атанған. Ол даналығымен, ақылдылығымен және көрегенділігімен ерекшеленді. Абылай хан заманында Құтан әулие – ханның кеңесшісі, хан алқасының мүшесі болған байсалды, ақылды адам.

Торғай даласына өз ауылымен көшіп келе жатқанда дүниеден озған. Аңыз бойынша әулие денесін ақ түйеге тиеп жіберіңдер деген. Түйе қай жерге тоқтаса сол жерге жерлеңдер деп өсиет айтқан. Араға бірнеше күн салып, ақ түйе Қарынсалды өзенінің шығыс жақ қарсаңындағы биік қырға келіп шөккен. Киелі Құтан әулие осы жерге жерленген.

Құтан әулие кесенесі бірнеше рет жаңартылған. 1977 жылы ұрпақтары қабіртастың орнына кірпіштен мазар көтереді. 2008 жылы жаңа кесене салынды. Қайтыс болғанына екі жүз жылдан астам уақыт өтсе де, адамдар оның тылсым күшіне сенеді. Күні бүгінге дейін әулие кесенесіне келушілер үзілген емес.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button