Алматы қаласы

РЕСПУБЛИКА АЛАҢЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ

Республика алаңы – Алматы қаласындағы еңбекшілер қауымының мерекелік салтанатты шерулері, сондай-ақ әскери парадтар өтетін орын. 1980 ж. ашылған.

Республика Алаңында Тәуелсіздік монументі (1996) орнатылған. Тәуелсіздік монументі 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды. Монумент Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан.

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді.
Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=96

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button