Алматы облысы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш

Орналасқан жері: Алматы облысы,  Талғар ауданы, Жаңалық ауылы

Қысқаша мәлімет:     «Жаңалық» елді-мекеніндегі кешенде  ашаршылық құрбанда­рына ғана емес, кеңестік заманның 1930-50 жылдарында жазықсыз жапа шеккен, саяси-қуғын сүргінге ұшы­рағандардың барлығына арналған орын. Қазақ халқының аяулы азаматтарының, ардақты да асыл ұлдарының сүйектері де осы ауылдың төңі­регінде жатыр. Олардың көбінің есімін зерт­теушілер анықтауда. Бертінде Жаңалық аулының балалары адамның бас сүйегін доп қылып теуіп жүрген жерінен ересектер көріп, үкімет орындарына хабар береді. Содан кейін ғана Жаңалықтағы жазықсыз жандардың жатқан орны анықталған. «Жаңалық» ауылында қаншама мыңдаған адамдардың сүйегі жатыр деген мәлімет айқындалып, сол жерге ескерткіш орнатылды.

Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарих беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбек­теген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button