Атырау облысы

САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ

Батыс Қазақстан облысының орталығы Атырау қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Хронологиялық мерзімі:ХІІІ-ХVІ ғғ.

Сарайшық Батыс пен Шығыс елдерін байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды қалалардың бірі, кейін Хан Ордасы болған ортағасырлық қала. Сарайшық туралы алғашқы деректер ортағасырлық жазба деректерде кездеді.

         Сарайшық – Алтын орда империясының ыдырап жатқан рулары мен ұлыстары және ноғай руларының басы біріккен қала. Ол – Алтын Орданың ірі сауда орталығы, ғылым мен мәдениеттің ошағы, батыс өлкедегі исламның алғашқы діни орталығы болған қала. Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғимараттар салынды. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.

XIV ғасырда Сарайшықты Ақсақ Темір жермен-жексен етті, бірақ XV ғасырдың 30-40 жылдары қайтадан қалпына келіп XV ғасырдың аяғы – ХVІ ғ. Қазақ Хандығының астанасы болды.

Бұл жерде Қасым хан және басқа да хандар, беделді тұлғалар, Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары деп саналған сейидтер, шейхтер, молдалар, қажылар, хафиздер, суфийлер дәуріштер өмір сүріп, жерленген. Сарайшық пантеоны билеушілер мен атақты адамдарды жерлейтін киелі орын болған. 1580 жылы (кейбір мәліметтерде 1581 ж.) Дон, Еділ казактарының шапқыншылығынан қала біржолата қирап, күлге айналды.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=142

Басқа материалдар

Back to top button