Қостанай облысы

Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы кесенесі

Нысан мерзімі: ХIХ ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Амангелді ауданы, Амангелді ауылы.

Сатыбалды ишан (1826-1898) барша ғұмырын дінді насихаттауға арнаған ғұлама адам болған. Он төрт жыл табанды оқып, құранды жетік  меңгеріп, Орта Азия мұсылман кеңесінің алдында емтиханды үздік тапсырып, «Ишан» атағын алған. Біраз уақыттан кейін Меккеге қажылыққа барып үлкен беделге ие болады. Дін жолындағы ғұламалығы барша өңірге, оның ішінде өзінің Торғай өлкесіне де жетеді. Ол елді имандылыққа бастайды, мешіт, медресе салдырып жастарды ислам дініне тәрбиелейді. Өмірден өткеннен кейін оны қасиетті жан деп санайды. 1899 жылы оның үлкен ұлы Мырза ишан үлкен кесене орнатты. Халықта оның тылсым қабілеттілігі туралы көп аңыздар сақталған.  Бір аңыз бойынша кесене тұрған жерде бұрын улы жыландар құжынаған жылан аңғары болған. Бірақ Сатыбалды ишан дұға қылып осы жерді улы мекендеушілерден тазартқан. Барлық өңірден адамдар 100-ден астам жылдан бері Әулие Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишанның зиратына тағзым етеді. Кесенеде Сатыбалды ишанның ұлы  Файзолла және жақын досы Омар Қалпе жерленген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button