Алматы облысы

Тамшыбұлақ су көздері

Орналасқан жері: Алматы облысы,  Ақсу ауданы, Қапал ауылы

Қысқаша мәлімет:      Тамшыбұлақ бұлағы Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын, жергілікті тұрғындар көне заманнан бері, әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы – жазы көк шөптермен көмкерілген қалыпта, бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан.

Ш.Уалиханов осы бұлақ туралы көне көз қарттардан мынандай аңыз жазып алған: «Күн сәулесіне құбылған тамшыбұлақтың тамшылары бірін бірі сүйген сұлтанның қызы мен шопанның ұлының көз жасы екен».

Басқа материалдар

Back to top button