Алматы қаласы

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ» – 1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

«Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай ашылды. Монумент Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Ескерткіш 3 бөліктен тұрады. Ортасынан қақ айырылған қос баған өткен және болашақ дау-жанжалдарды сипаттайды, мемлекет еркіндік алып, тәуелсіздік салтанат құрғанын білдіреді. Ескерткіштегі оң қолына желбіреген орамал, сол қолына символдық құс ұстап алға ұмсынған әйел бейнесі халықты бірлік пен ынтымаққа шақырудың белгісі іспетті. Ескерткіш тәуелсіздік үшін, ұлт болашағы, ұрпақ тағдыры үшін жанын қиған қазақ жастарына арналады.

1986 жылы желтоқсанда  қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық білдіріп, көшеге шықты. Жастар әділеттілікті, теңдікті, тәуелсіздікті қалады. Бұл оқиға бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=98

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button